
Ақтауда 6656 әскери бөлімінің әскери қызметшілері «ВАЗ 21099», «Toyota Camry» және «Toyota Land Cruiser 200» маркалы үш азаматтық автокөлік құралының қатысуымен болған жол-көлік оқиғасын көріп қалып, зардап шеккен жолаушыларға жедел көмек көрсетті.
Жол көлік оқиғасы, 7 мамыр күні сағат 17.30-да Ақтау қаласының 14 шағын ауданында, «H2O» кафесінің жанында орын алды. Жол апатынан алты адам зардап шекті. Олар Маңғыстау облыстық ауруханасына тез жеткізілді.
Зардап шеккендерге көмекке алғашқылардың бірі болып әскери жасақ бойынша кезекші аға лейтенант Сабыр Құралов пен патрульдік қатардағы жауынгерлер Бекзат Қайруллаев пен Дәурен Үмбетов автокөлік апатын алғашқы болып байқады. Олардың көзінше " ВАЗ-21099 " жүргізушісі кедергі анықталған кезде шара қолданбай," Toyota Camry " - ға соқтығысқан. Содан кейін ол "Toyota Land Cruiser 200" жол талғамайтын көлігіне тап болды.
Ұландық сардар жедел жәрдем көлігі мен жол-патрульдік қызмет мамандарын дереу шақырып, патрульшілермен қоршауды ұйымдастырды
Ұландықтар медицина қызметкерлерімен бірлесіп, оқиға қатысушыларына медициналық көмек көрсетті.
Шұғыл жағдайда жедел әрекет еткені үшін әскери бөлімнің басшылығы әскери қызметшілерді грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Әскери қызметшілер өз әрекеттерін ерлік деп санамайды. Олардың пікірінше, мұндай жағдайларда әр адам зардап шеккен адамға міндетті тұрде көмек көрсетуі керек.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі