Еліміздің ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев Мемлекет басшысының Жарлығымен марапатталған Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан қызметшілеріне наградаларын тарту етті. Осы жолы мұндай құрметке 32 қызметкер лайық деп танылды.
ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Талапкер Әмриев, ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Ұлттық ұлан Бас штаб бастығының орынбасары - Бас жедел басқармасының бастығы полковник Нариман Ақбаров марапатталды. Ұлттық ұлан Ән-би ансамблінің өнерпазы Естай Мұқашев көп жылдар бойы еліміздің және әскердің мәдениетіне қосқан үлесі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткер» атағын иеленді.
Ішкі істер министрі марапат иелерін наградаларымен құттықтап, қызметтерінде сәттілік тіледі.