Бүгін Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің аумағында «Ашық есік күні» өтті.
Іс-шараға № 69 мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушылары, сондай-ақ «Қызмет» салалық кәсіподағының орталық және астаналық кеңестерінің еңбек ұжымдары мен олардың балалары шақырылды.
Шара патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, жастардың өз еңбегімен қызмет етуге және елінің мүдделерін қорғауға дайындығын қалыптастыру, жасөспірімдер арасында әскери қызметтің маңызы мен жауапкершілігін насихаттау мақсатында, сондай-ақ 7 және 9 мамыр мерекелеріне орай ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында 5573 әскери бөлімі мен Нұр-Сұлтан қаласының № 69 мектеп-гимназиясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Аталған құжатқа сәйкес, оқушылар «Жас бүркіт» спорттық әскери-патриоттық клубының мүшелері болып, саптық, атыс және дене шынықтыру даярлығы, әскери-медициналық дайындық және радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау негіздері бойынша білім алады.
Әскери бөлім командирі полковник Аян Есжанов, мектеп-гимназия директоры Жұлдыз Рахметоваға клубтың Туын салтанатты түрде табыс етті. Сондай-ақ, клубтың жаңа қатысушыларына «Жас бүркіт» патриоттық клубының мүшелігіне кіргені туралы куәлігі табысталды
Бұдан бөлек, әскери бөлімде көрмеде ұйымдастырылды. Онда әскери техника, түрлі киім нысандары мен атыс қарулары қойылды. Болашақ Отан қорғаушыларға, ұлттық ұланның қызметі, атыс қаруының ерекшеліктері мен әскери байланыс туралы қысқаша баяндалды. Сонымен қоса, құқық бұзушыны ұстау және есірткі заттарын іздеу кезінде қызметтік иттерді қолдану тәсілдері, кинологтардың қабілеті ұсынылды.
Әскери бөлім басшылығына, әскери қызметшілердің тұрмысын, сондай-ақ әскери техника мен қару-жарақ үлгілерін балаларға өз көзімен көруге мүмкіндік бергені үшін - "Қызмет" салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары Атакозы Нұрлановалғысын жеткізді.
- Ел Президенті биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Бүгін балалар Ұлттық ұланның офицерлерімен және сарбаздарымен кездесті, әскери қызмет туралы түрлі сұрақтар қойып, ынта танытты. Жасөспірімдерді осы кезден бастап Отанымыздың болашақ патриоттары мен қорғаушылары етіп тәрбиелеуіміз керек, - дейді Атакозы Нұрланов.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі