Талдықорғанда ұландықтар жоғалған екі баланы тапты

Талдықорғанда ұландықтар жоғалған екі баланы тапты
 
 
Талдықорған көшелерінде қоғамдық тәртіпті қадағалап жүрген 5514 әскери бөлімінің жауынгерлері 5-6 жас шамасындағы екі баланың ата-анасыз, өз беттерімен саябақта жүргендерін байқайды

Әскери жасақтар кезекшісі лейтенант Арнат Сыздықов пен оның қарамағындағы патрульші қатардағы жауынгер Нұрболат Жұмабаев мән-жайды анықтау мақсатында, балалардың қасына келіп жөн сұрайды. Балалардың айтуы бойынша олар саябақта қыдырып жүріп, ата-аналарынан адасып қалған. Жағдайды түсінген офицер екі бүлдіршінді жақын маңдағы полиция пунктіне жеткізіп, ата-анасын іздеуге кіріседі. Полиция қызметкерлерінің көмегімен көп кешікпей, балақайлардың ата-анасының байланыс нөмері табылды. Екі бала отбасына аман-сау тапсырылды.

Балаларын дін аман құшағына алған ана ұландықтарға ризашылық білдіріп, әскери бөлім командирінің атына алғыс хат жолдады.