Иісшіл «Немо» есірткі тапты

Иісшіл «Немо» есірткі тапты

Таяуда Тараз қаласының 7 ықшам ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында, әскери жасақ №50 үйдің жанынан күдік тудырған екі азаматты байқайды. Күдіктілер әскери жасақты көрген бойда қашуға әрекет жасайды. Сол кезде ефрейтор Нұрболат Ахметов күдіктілерге «Тоқта, қызметтік итті пайдаланамын!» деп ескертеді.

Белгісіз азаматтар орындарында тұрып қалады, оларды әскери жасақ бастығы қатардағы Сергей Гепп, патрульдер қатардағы Ерлан Көлбай және  қатардағы Арнұр Құрманбаев құрықтаған. Ефрейтор НұрболатАхметов күдіктілер тұрған аймақты қызметтік итімен тексереді. Нәтижесінде өте иісшіл «Немо» атты қызметтік ит целлофанға оралған жасыл түсті спецификалық иісі бар зат (есірткі) тапқан.

ҚР Ұлттық ұланның «Оңтүстік» ӨңҚ баспасөз қызметі