
Тұңғыш Президент күні қарсаңында елордадағы «Жекпе-жек» сарайында жекпе-жек және әскери жекпе-жек ұрыстан V халықаралық турнир өтті. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Кубогі үшін Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан сияқты сегіз елдің ең мықты балуандары бақ сынасты.
Ұлттық ұлан құрама командасынан тоғыз спортшымыз қатысты. Оның екеуі жүлделі орындарды иеленді: «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығынан қатысқан 5572 әскери бөлімінің офицері капитан Ерік Шәріпов 85 кг дейінгі салмақта 2-орынды және 7552 әскери бөлімінен қатысқан қатардағы Бауыржан Сұлтанов 60 кг дейінгі салмақта 1-орынды жеңіп алды.