
28 қарашада Теміртауда шамамен 20.30 кездері 5516 әскери бөлімінің 2-жедел мақсаттағы әскери жасағы анасын іздеп жүрген кішкентай қызды байқайды.
Жауынгерлер қыздың не үшін жылап жатқанын сұрағанда, ол анасынан көз жазып қалып, қатты тоңғанын айтады. Әскери жасақ бастығы қатардағы Нұржан Сәрсенбаев пен патрульдеушілер қатардағы жауынгерлер Мереке Тілебалды мен Сергей Обабко дереу радиостанциямен қыздың анасының бет-бейнесі туралы хабарлап, оны іздеуге кірісті.
№2 орта мектепке жақын жерде ұландықтар баласын іздеп жүрген ананы байқайды. Сөйтіп шұғыл қимылдаған жауынгерлер бар-жоғы 20 минуттың ішінде баланы анасымен қайта қауыштырды. Қыздың анасы әскерилерге алғысын айтып, қызметтеріне сәттілік тіледі.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі