«Қазбат» фильмі елімізің үлкен экрандарына жол тартты 

«Қазбат» фильмі елімізің үлкен экрандарына жол тартты 

21 қарашада шынайы оқиғаға негізделген «Қазбат» көркем фильмі еліміздің үлкен экрандарына жол тартты. Аталмыш оқиғаға орай «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында жабық көрсетілімі өтті.

Қазақстан Республикасы әскери қызметшілерінің тәжік-ауған шекарасында бітімгерлік мақсатта қызмет атқару барысында, 1995 жылы көктемде бастарынан өткерген шынайы оқиғаны баяндайтын фильмнің тұсауы елордада кесілді.

Айтып өту керек, 7 сәуір күні Пшихарв шатқалында Қазақстан Ішкі әскерінің жетінші құрама ротасы содырлардың тұтқиылдан жасаған шабуылынан от пен оқтың құрсауына түсіп қалады. Жаудың күші басым болған ұрыста 17 әскери қызметші оққа ұшып, 33-і жараланған еді.

Фильм авторы ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов болды. Түсірілім туралы аталған фильм авторы Асқар Ұзабаев баспасөз конференциясында ағынан жарылды.

Осындай іспетті фильдерді біз бірінші рет түсірудеміз, осы түсірілімді шынайы жағдайға жақын етіп түсірдік. Осындай картинаны түсіру үлкен жаупкершілік екенін түсірдік. Оның үстіне, мен осындай актерлік құраммен жұмыс жасамаған болатынмын. Фильмді жарты жылдың ішінде қысқа мерзімде түсірген болатынбыз. ІІМ, Ұлттық ұланды және басқа да күштік құрылымдарға кинолентаны жасау кезінде көрсеткен қолдаулар үшін аоғысымды білдіремін , - деді Асқар Ұзабаев.

Фильмде Дәурен Серғазин және Ринат Дошибеков секілді көптеген рөлдермен елге танымал актерлер қатысты. Сондай-ақ, жас әртістер Халық Рахат, Диас Мырзахмет, Шарифбек Зәкіров и Индира Шынболатқызылар да атсалысты.

Премьерада Пшихавр шатқалындағы ұрысқа қатысқан ардагерлер де қатысты.
Қайратбек Сатбаевтың сөзінше ардагер сол оқиғаларға қайта оралғандай сезімде болыпты. Оның көз алдына қандыбалақ қаруластары көз алдына оралды.

Ұрысқа қатысқан Динар Сибагатуллин кинокартинаны үлкен ыждаһатпен қарсы алды. Көрсетілім барысында оның көзіне жастар байқалды. Мұның өзі картинаның шынайылығын дәлелдесе керек.
Толықметражды фильмді түсіруге қосқан қомақты үлестері үшін фильм түсіруші топ құқықтық тәртіп әскерінің кеуде белгісімен марапаитталды.

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тургумбаев ұрыста қаза болған жауынгер қатардағы Ербола Бекебаевтың анасы – Жанат Елубайқызына және подполковник Марата Ахметовтың жұбайы – Айгүл Асылханқызына гүл сыйлап, залдағы ардагерлерге әскери міндеттерін жанкешті орындағандары және еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз еткендері үшін алғысын білдірдірді.

Көркем фильм 21 қарашада еліміздің барық кинотеатрларында көрсетілетін болады. Келесі жылдың сәуір айында осындай атаумен телесериал шығып, сол қайғылы оқиғаның 25 жылдығына орай «Qazaqstan» телеаранасында көрсетілетін болады.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі