Ұлттық ұланның топ-5 қызметтік иттері

Ұлттық ұланның топ-5 қызметтік иттері

Ит - адам бағындырған алғашқы жануар. Ежелгі дәуірден бастап біздің заманымызға дейін төрт аяқтылар адал қызмет етеді. Қызметтік иттер Ұлттық ұланда кеңінен қолданылып келеді. Қылмыскерлерді, есірткі мен қаруды іздейді. Тәртіп бұзушыларды ұстайды. Жоғалған азаматтарды табуға көмектеседі. Күн сайын құқықтық тәртіп әскерлеріндегі қызметтік-жауынгерлік әрекетке қатысады. Ұлттық ұлан жауынгерлік қызметінің бас басқармасына қарасты  кинологиялық қызметі бүгінгі күнге дейін әскердегі ең үздік қызметтік иттерді анықтады. Құқық тәртібі әскерлерінің топ-5 үздік қызметтік иттерімен танысып отырыңыздар.

"Джектің" белгісі

6697 әскери бөлімі жедел мақсаттағы батальонының "Джек" деген лақап атты есірткіні іздеуге арналған қызметтік иті. 2016 жылы туған. Қызмет өтілі-алты жыл. Қоғамдық тәртіпті сақтау және ішкі істер органдарына көмек көрсету бойынша қызмет атқару кезінде "Джек" жоғары нәтижелер көрсетті.

Мысалы, 2021 жылғы 27 сәуірде қостанайлық полицейлердің өтініші бойынша" Джек " тұрғын үйді тексеру кезінде жасыл түсті заты бар екі целлофан пакетін (гашиш 80 гр.) өсімдік тектес затты табады.

"Қарасора-2021" жедел алдын алу іс-шарасы барысында ішкі істер органдарына көмек көрсетті.  Қызметтік ит жалпы салмағы 76 гр.болатын, ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес затты қалтасына жасырған азаматты анықтап береді.  Ұсталған азамат Ш. Қостанай полиция басқармасына жеткізілді. Сондай-ақ, жеке үйді тінту кезінде "Джек" жылыту пешінің қасына келіп  отырады. Бұл оның жасырылған затты тапқаны туралы белгісі болатын. Пешті тексеру кезінде есірткіге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері жалпы салмағы 460 граммды құрайтын есірткіні табады. Ұсталған азамат жергілікті полиция басқармасына жеткізілді.

Ұсталған адамды тінту кезінде ұландықтың төрт аяқты досы үріп белгі береді, қысқа шалбарының сол қалтасын иіскелейді. Күдіктіні тексеру кезінде полицейлер өсімдік тектес заты бар қағаз бумасы жасырылғанын анықтады.

«Джектің» иісшілдігі туралы көп айтуға болады. Тағы бір мысалды келтіріп өтсек болады.  Пәтерді тінту кезінде  ас бөлмесіндегі орындықтың астындағы қара сөмкені көрсеткен «Джек» дауыстап белгі береді. Пакетті ашу кезінде салмағы 100 гр болатын ақ түсті зат (ұсталған адамның айтуы бойынша бұл зат "Метамфетамин") табылды.

Бұл "Джектің" қызметтік-жауынгерлік іс-әрекеттерінің бірнеше мысалдары ғана. Оның досы және әскери жолдасы, мамандар тобының аға маманы (нұсқаушысы), аға сержант Сергей Абросимов "Джекті"күшік кезінен асырап келе жатқанын  айтады. Міне, алты жыл бойы  жұптары ажыраған емес.

"Ол сангвиник темпераментімен  туған. Әрқашан көңілді, белсенді, жаңа тәжірибе іздейді. «Джек» үшін есірткіні іздеу- өзіндік ойын түрі. Ол бір нәрсені тапқанда шын жүректен қуанады", - дейді Сергей.

«Ареспен» танысайық!

"Арес" -5512 әскери бөлімінің (Павлодар қаласы) патрульдік-іздестіру иті. Ол тоғыз жаста. Нұсқаушы сержант Ильсур Хайруллин айтқандай "Арес ""Павлодар" станциясында қызмет ете отырып, үнемі жоғары нәтижелер көрсетуде.

Бірқатар мысалдар келтірсек түсінікті болады. Бірде теміржол вокзалында болғанда қызметтік ит белсенді мінез-құлықпен күдікті азаматты көрсетеді. Мән-жәйді анықтау үшін әлгі азаматты  полиция бөлмесіне жеткізгенде оның  сөмкесінен целлофан пакеті табылады.  Онда өсімдік тектес сұр-жасыл заты бар үш қағаз пакет шығады.  Есірткі екені анықталып, құқық бұзушы жергілікті желілік полиция бөліміне тапсырылды.

Сондай-ақ, 2021 жылғы 10 мамырда Лермонтов көшесінде қызмет өткеру кезінде "Арес" тағы бір күдіктінің қасына келіп,  белсенді мінез-құлықпен адамды нұсқайды. Аталған азаматты тексеру барысында күртешенің оң қалтасынан сұр-жасыл түсті зат салынған түйіншек табылады.

"Арес" бірнеше рет жақсы жағынан ерекшеленді. Әр түрлі жарыстарда іздеу итінің шеберлігін үнемі көрсетіп отырды. Оны жауынгерлік машинамен салыстыруға болады. Төрт аяқты дос әрқашан құқық бұзушылықты сәтті ашады және "әзәзілге" әуестенгендерді  таза суға шығарып тұрады. Ең үлкен тапқан  салмағы 30 грамм болды.

«Зара» - спецназдың досы

5513 әскери бөлімінің (Тараз қаласы) "Зара" жарылғыш заттарды іздестіру иті. Нұсқаушы сержант Досан Аймаханов. Біз "Зара"туралы айтып өтейік.

Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында сағат 17.15-те қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқару кезінде 6506 әскери бөлімінің "Б" тобымен бірге Жалпақтөбе кентінде  аталған  ит қырағылығын көрсетті. Құрылысы аяқталмаған бір қабатты ғимаратты қарау кезінде кинологиялық қызмет мамандары тобының бөлімше бастығы (топ бастығы) сержант Досан Аймаханов "Зараны" қолданады. Қызметтік ит креслоның жанына  келіп қыңсылай бастайды. Креслоның ішінен  төрт дана гранаталар табылады.

Екі күннен кейін полиция қызметкерлерімен бірге "Зара" Құмшағал кентінде (су арнасының бойындағы Шаңырақ саяжай алабы) қызмет атқару барысында канал жағасындағы жыртылған  жерге келіп, "үреді. Әскери қызметшілер жерді қазады. Нәтижесінде  қолмен басқарылатын алты оқтаулы "РГ-6" үлгісіндегі гранатомет жерге жасырылғаны белгілі болды.

- "Зара" бес жылдан астам қызмет етеді. Оның міндетіне барлау мина алқаптарын, жолдарды және колонналық жолдарды тексеру, сондай-ақ миналар мен зарядтарды, жарылғыш заттарды әр түрлі тереңдіктен табу жатады . Ол  еңбекке өте қабілетті. Жоғары сезімталдық пен әмбебаптықтан басқа, арнайы мақсат бөлімшелерінің иттеріне үлкен талаптар қойылады. Әсіресе жоғары төзімділікке баса назар аударылады. Ол өз міндетін өте жақсы атқарады, - дейді сержант Досан Аймаханов.

Лақап аты «Немо»

5513 әскери бөлімінде "Зарамен" бірге оның "Немо"атты әскери жолдасы қызмет етеді. Олардың жастары да жақын. Өзінің әріптесінен айырмашылығы, "Немо" қылмыстық-түзету жүйесі мекемесін күзетеді. Қарауылдың көмекшісі рөлінде ол адамдармен қатар қамауға алынған қылмыскерлерді айдауылмен айналысады. Сонымен қатар, ол керемет детектив, мұрнының иісшілдігі де жоғары деңгейде. Біз оның ең қызықты екі қырағылығы туралы   айтып өтейік.

Қатардағы қызметкер Е. Бодоньянов төртінші күзет бекетінде тұрғанда  күдікті азаматтың қоршауға қалай жақындағанын байқады. Сақшы қарауыл бастығына есеп берді. Оқиға орнына әскери жасақ шығады. Ер адам әскери қызметшілерді көріп, қоршаудың бойымен қашады. Ефрейтор Н. Ахметов "тоқта, қызметтік итті қолданамын" деген ескерту айқайын жасап, тұмылдырықтағы "Немоны" қолданады. Азамат қорқыныштан қазылған шұңқырға секіреді. Одан әрі әскери жасақ осы азаматты ұстайды.

Айша бибі елді мекенінде қызмет атқару барысында кинолог ефрейтор Н. Ахметов қызметтік итті қолдана отырып, ғимараттың ішін тексеруге кіріседі. Үйдің барлық бөлмелерін тексеру барысында "Немо" бөлмелердің бір бұрышын қазып нұсқайды.   Аталған бұрышта қара пакет жасырылғаны белгілі болады. Онда келесі заттар болды: төрт дана 5,45 мм калибрлі және үш дана 9 мм калибрлі патрондар. Сондай-ақ, «Немо» 5,45 калибрлі 30 калибрлі оқ-дәрілерді  табуға көмектескен.

«Малыштан» қаша алмайсың

Қызметтік ит "Малыш" 2018 жылы туған. Қызметті бастағанына көп болған жоқ. 2021-2022 жылдар кезеңінде қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша қызмет атқару кезінде өте жақсы нәтижелер көрсетті. Бірде-бір тәртіп бұзушыны жібермеді. «Малыштан» әлі ешкім қашып құтылған емес.

Бірде әскери жасақ күдікті азаматты байқайды да ер адамнан кідіруін сұрайды.  Бірақ ол  ұландықтардың айтқанына құлақ аспай, бірден  аулаларға қашып жөнеледі. Патрульші-кинолог сержант Д. Рахметов "Тоқта! Мен қызметтік итті қолданамын!" деп айқай салады. Қашқын ескертуге жауап берген жоқ, содан кейін тұмылдырықтағы «Малыш» қуа жөнеледі. Қызметтік ит қашқынды қуып жетеді де, жерге құлатады. Патрульшілер келгенше еш жерге жібермей ұстап тұрады. Ұсталған азамат Л.-ды тексеру барысында оның ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша іздестіріліп жатқаны анықталды. Ол Көкшетау қаласының полиция басқармасына жеткізіледі.

Көп ұзамай "Малыш" өзінің ерлігін тағы бір рет қайталады. Әуелбеков пен Біржан Сал көшелерінің қиылысында әскери жасақ  өзін күдікті ұстаған азаматты байқайды. Тәртіп сақшыларын  көрген азамат ізін суытуға тырысады. " Тоқта, мен қызметтік итті қолданамын!" деген ескертуден соң, "Малыш" өз ісіне кіріседі. Қызметтік ит 80-100 метр жүгірген соң  тәртіп бұзушыны қағып, жасақ келгенге дейін тырп еткізбей ұстаған. Күдіктінің қалтасынан пышақ табылады.

"Малыш" тағы үш мәрте  тәртіп бұзушыны құрықтайды. Жылдам, батыл және адал төрт аяқты дос әрқашан әріптестеріне көмектесуге дайын.