Нұр-Сұлтанда Ұлттық ұланның 100-ден астам әскери қызметшісі  қан тапсырды

Нұр-Сұлтанда Ұлттық ұланның 100-ден астам әскери қызметшісі  қан тапсырды

2022 жылғы 4-5 сәуірде Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының" көшпелі бригадасы жұмыс істеді. Осы кезеңде жүзден астам әскери қызметші қан доноры болды.

Осындай іс-шаралар елордалық бригадада жылына екі рет өткізіледі. Донорлық қан қажет болған кезде әскери бөлімнің әскери қызметшілері ешқашан көмек көрсетуден бас тартпайды. Биыл 100-ден астам ұландық ерікті болды, олар донорлық қан банкін 45 литр қанмен толықтырды.

Азаматтық дәрігерлердің көшпелі бригадасы 9 адамнан тұрды. Трансфузиолог-дәрігер Меруерт Жадыгер әскери қызметшілердің қалай  қан тапсырғаны туралы айтып берді.

- Біз аптасына үш рет менеджерлеріміз алдын ала келісетін ұйымдарға барамыз. Негізінен, донорлардың көп санын әскери бөлімдер, 100 адамға дейін, содан кейін түрлі компаниялар мен тапсырыс берушілердің өздері – елордада жиырма шақты адам тұратын ауруханалардың ұжымдары қамтамасыз етеді. Донорлық қанды тапсырудың негізгі мақсаты, дәлірек айтқанда, оны алушылар қан кететін науқастар болып табылады, көбінесе перзентханалар, онкологиялық ауруханалар, травмпункт және басқа да денсаулық сақтау нысандарының дәрігерлері өтініш береді. Қалада донорлық қан мен оның компоненттерінің қажеттілігі өте жоғары,-дейді дәрігер-трансфузиолог.

Қан тапсырғаннан кейін донорларға 0,25 АЕК төленеді, бұл шамамен 800 теңгені құрайды және заң бойынша екі күн демалыс беріледі және сіздің қаныңыз қажетті критерийлер бойынша келгеніне немесе келмегеніне қарамастан, оларды негізгі демалысқа қосуға болады.

Айта кетейік, медициналық көрсеткіштерге сәйкес келетін әрбір әскери қызметші донор бола алады. Бұл жолы қан тапсырғандардың саны 111 әскери қызметшіні құрады.

ҚР Ұлттық ұланының ибаспасөз қызметі