«Тәуелсіздік, Ұлттық ұлан 30 жыл балалар болашағымыз»

«Тәуелсіздік, Ұлттық ұлан 30 жыл балалар болашағымыз»

Мемлекет басшысының жариялауымен биылғы 2022 жыл «Балалар жылы» болып жарияланған.
Сол ұрпақты саналы да білімді етіп тәрбиелеу - төл міндетіміз. Соның бірі - патриоттық тәрбие мәселесі. Бұл адамзат тарихында ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат.

Осы орайда 2022 жылдың 1 сәуірінде ҚР Ұлттық ұланы басшылығының қолдауымен Қарағанды қаласы «Аманат» концерттік залында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери дирижерлары, Қарағанды қаласының мамандырылған музыкалық мектеп интернаты, Нұркен Әбдіров атындағы ЖББ мектебі және Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестігі солистерінің қатысуымен «Тәуелсіздік, ұлттық ұлан 30 жыл балалар болашағымыз» атты концерттік бағдарламасын Қарағанды қаласы мектеп оқушаларына «Балалар жылы» қарсаңында сыйға тартты.

Үлкен іс-шараны ұйымдастырып біздің Жас Сарбаздарымыз бен ұастаздар қауымына тамаша концерттік бағдарламаны сыйға тартқаны үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Орталық өңірлік қолбасшылығынының қолбасшылығына, Ұлттық ұланы әскери дирижерларына сонымен қатар 6505 әскери бөлімінің басшылығына Нұркен Әбдіров атындағы ЖББ мектеп ұжымы атынан алғысымыз білдіреміз.

ҚР Ұлттық ұланның баспасөз қызметі