Өткен жылы Ұлттық ұлан жауынгерлері қанша жоғалған баланы тапты?

Өткен жылы Ұлттық ұлан жауынгерлері қанша жоғалған баланы тапты?

Ел Президенті Қасымжомарт Тоқаев жаңа жылдық Жолдауында 2022 жылды Қазақстандағы балалар жылы деп жариялады. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қоғам мен мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз етіп, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғайтыны белгілі.

Күн сайын Ұлттық ұланның жедел мақсаттағы әскери бөлімдері Ішкі істер органдарымен бірлесіп, елдің барлық қалаларында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Патрульдеу бағытына бес мыңнан астам әскери қызметші түседі. Олар жауынгерлік қызмет кезеңінде тонау, ұрлау және қарақшылық фактілерін ашады, іздеудегі адамдарды ұстайды. Сарбаздар мен офицерлер ұялы телефондарды, ноутбуктерді, ақша мен есірткіні табады. Сондай-ақ, әскери қызметшілер азаматтарға балалары мен басқа туыстарын табуға көмектеседі.

Сонымен, 2021 жылы Ұлттық ұланның әскери қызметшілері 22 жоғалған баланы тауып, жақындарына қайтарды. "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері - 4 жоғалған баланы, "Шығыс" - 2 баланы, "Орталық" - 3 баланы, "Батыс" - 3 баланы тауыпты. Жоғалған балалардың көпшілігін елордалық жедел құрамасы – 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері тауыпты.  10 бала аман -есен ата анасына қайтарылған.

Мысалы, өткен жылғы соңғы оқиғаны алайық. 6 қазанда сағат 18.45 шамасында патрульдік топтың бастығы кіші сержант Азамат Кәрімов пен патрульші қатардағы жауынгер Сұңғат Жүкенов маршруттарды тексеруге шығады. Қонаев-Достық көшелерінің қиылысындағы бағдаршамға келіп, олар мектеп оқушысын көреді. Оқушы "Бәйтерек" монументінің жанында ересектердің қарауынсыз жалғыз жүрген.

Ол қатты қобалжулы болды. Сондықтан ұландықтар оның тұратын жерін анықтай алмады. Осыдан кейін әскери жасақ оны жақында орналасқан туристік полиция бекетіне апарады.

Кейін белгілі болғандай, сегіз жасар оқушының ата-анасы оны сағат 16.00-ден бастап әлеуметтік желілер арқылы іздеуге берген. Ол бірінші сыныпта оқитыны белгілі болды. Сол күні оқушы  үлкен ағасын мектеп жанында күтпей, ертерек кетіп қалыпты.

Оқиға орнына келген анасы мен әкесі Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне үлкен алғыстарын білдірді.

Дәл сол күні кешкісін Қошқарбаев көшсінің бойында құрамында  қатардағы жауынгер Мұрат Қаржауов пен патрульдік Алпамыс Нәби мен Саржан Қылышбай бар әскери жасақ 10 жасар қызды байқап қалады.

Бүлдіршін жалғыз жергені және қосымша сабақтардан оралғаннан кейін жолдан адасып қалғаны белгілі болады. Тәртіп сақшылары әкесінің телефон номерін сұрап хабарласады. Өздері тұрған  жерін айтады.

Біраз уақыттан кейін азамат айтылған мекен-жайға келіп, әскери қызметшілерге, сондай-ақ Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің қолбасшылығына алғысын білдірді.

- Көбінесе,  балалардың жоғалу дерегі жазғы уақытта жиі кездеседі. Қалалық саябақтарда, жаппай мереке орындарында белсенді отбасылық демалыс кезінде орын алады. Балалар алаңдап қалып қалады, кейде бір жүгіріп кетеді. Ата-аналар балаларын өз бетінше таба алмайтын жағдайлар көп болды. Әскери жасақтар әрқашан жалғыз жүретін балаларға назар аударады. Ұландық жауынгерлер  олармен амандасады, сөйлеседі, кіммен жүргендерін сұрайды. Балалар әскери формадағы адамдарға сенеді. Сондықтан олар жоғалып кеткенін және үйге жол таба алмай жүргенін жасырмай айтады.  Нәтижесінде біз дереу шара қолданып,  балаларды жақындарына қайтарамыз. Өйткені, балалар - ата-ана үшін ең маңызды, қымбат нәрсе, - дейді Ұлттық ұлан жауынгерлік қызмет Бас басқармасының аға офицері Ермек Тұрғынов.

Айтып өту керек, жуырда мереке күндері  елорда жедел құрамасының әскери қызметшілері бүлдіршінді тауып, ат-анасына тапсырды. 

Кешкісін Есіл ауданында қызмет атқару кезінде  «Хилтон»  қонақүйінің манында әскери жасақ жылап тұрған қызды байқайды. Ол телефонының қуаты отырып қалғандықтан, үйінен адасып кетіпті. 

Ұландықтар қызды үйіне дейін жеткізеді. Қыздың анасы Ұлттық ұлан әскери жасағына үлкен алғысын білдірді.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі