Елордалық ұландықтар  супермаркетте ұрлық жасаған азаматты ұстады  

Елордалық ұландықтар  супермаркетте ұрлық жасаған азаматты ұстады  

Ұландықдар оқиға орнынан қашып шыққан ер азаматты байқайды.

Оқиға  11 наурызда сағат  16.40  шамасында орын алды. А. Затаевич көшесінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметін атқару барысындаҰлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің әскери жасағы қашып бара жатқан күдікті азаматты көреді. Ол ұландықтардың ескертуіне құлақ аспа, өзіне күдік ұялатады.

Патрульді топ бастығы  сержант Мұхтар Қыдырәлі және  патрульші қатардағы Әділет Амангелдинов дереу азаматты қолға түсіреді. Кейін болғандай әлгі азамат өзінің достарымен бірге «Магнум» супермаркетінде ұрлық жасаған. Дүкенге жалпы құны 30 мың теңгені құрайтын залал тигізген.  

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі