
Додалы жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден аса спортшы қатысуда. Дәлірек айтсақ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарынан келген палуандар бар. Олардың арасында Ұлттық ұлан әскери қызметшілері де бақ сынауда.
Бұл чемпионат — самбо күресінің беделін күшейтіп, дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға оң ықпал етіп, спорттық-мәдени байланыстардың нығаюына мардымды үлес қосатын сайыс. Сондай-ақ, алда өтетін Азия және Әлем біріншіліктеріне ең мықтыларды іріктейді.
Чемпионатта самбодан ерлер 8, ал әйелдер 7 салмақ дәрежесі бойынша белдеседі.
10 наурызда «Жақсылық Үшкемпіров» атындағы спорт кешенінде салмақ өлшеу және жеребе тастау шарасы, сонымен қатар баспасөз маслихаты өткен болатын.
11 наурызда палуандар спорттық самбодан 53, 58, 64 келі (әйелдер — 50, 54 келі), жауынгерлік самбодан +98, 98 келі салмақ дәрежелерінде белдесті.
Кеше, 12 наурызда спорттық самбодан 71, 79, 88 (әйелдер —59, 65), ал жауынгерлік самбодан 53, 58, 64 келі салмақтағы спортшылар сынасты.
Бүгін спорттық самбодан 98, +98 (қюәйелдер — 72, 80, +80), жауынгерлік самбодан 71, 79, 88 келідегі спортшылао бақ сынап жатыр.
Ұлттық ұландықтар оң нәтиже көрсетуде. Спорттық самбодан 6655 әскери бөлімінің спортшылары ефрейтор Еламан Қойшыбаев (88 келі салмақта) І орын, қатардағы Бейбіт Ғазиз (71 келі салмақта) ІІІ орын иеленді. Ал жауынгерлік самбода 5517 әскери бөлімінің палуаны сержант Жандос Өтеғұлов жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Ұлттық ұлан баспасөз қызметі