Семейде ұландықтар күдіктіні қолға түсірді

Семейде ұландықтар күдіктіні қолға түсірді

10 наурыз сағат  20.30  шамасында «102»  телефонына  Семей азаматшысынан арыз келіп түседі. Оның айтуынша алыс танысы монша кешенінде бірге болып, «Самсунг А8» маркілі ұялы телефонын ұрлап кеткен.  

Ақпаратты алған соң, 5511 әскери бөлімінің әскери жасақтар кезекшісі лейтенант Арман Балтабай және оның қарамағындағы ефрейтор Дамир Майлықбаев пен Айдар Уширов күдіктіні жедел іздеуге кіріседі.  

Күдікті алысқа қаша алмады. Қозыбағаров көшесінде ұландықтар сипаттамаға келетін  бір әйелді байқайды.  Оны дереу оны тоқтатып, қолға түсіреді. Кейін мән-жайды анықтау үшін құзырлы мекеме қызметкерлерінің қолына тапсырады.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабы 1 тармағы, яғни «ұрлық» бойынша тіркелді.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі