
28 ақпан күні сағат 15.00-де Ұлттық ұланның 6636 әскери бөлімінің саптық алаңында жиналған атқыштар ротасы сарбаздарының бірі Ж. Досмұхамедов көшесінде орналасқан жатақханалардың бірінен қою түтінді байқайды.
Бұл туралы рота командирі капитан Саят Сләмхановқа дереу баяндалады. Ол өз кезегінде оқиға орнына жедел жетуге шешім қабылдап, 10 әскери қызметшімен өртенген жатақхана тұрғындарына көмектесуге кірісіп кетеді.
Ұландықтар өрт шыққан кіре берісті қоршап, екінші қабаттағы жалпы қылтималардың бірі өртеніп жатқанын анықтайды.
- Біз жапа шеккен тұрғындарға көмек көрсетуге тырыстық. Кіреберістердің жоғарғы қабаттарына дейін көтерілдік. Әр пәтердің есіктерін қағып, тұрғындарды сыртқа шығардық. Барлық тұрғындардың сыртқа шыққанына көз жеткізген соң, біз өртті өз күшімізбен жоюға тырыстық. Қолымызда бар шелектер мен әскери бөлімнің өртке қарсы құралдарын пайдаландық. Өйткені, от екінші қабаттан үшінші қабатқа дереу көше бастады, - деді оқиғаға қатысушы аға сержант Асылбек Ахметов.
Араға 10 минут салып, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметкерлері келеді де, өрттің көзін жоюға көмектесті.
Ұлттық ұланның әскери қызметшілері батыл әрі ержүректілік таныту арқылы 10 адамды өрттің салдарынан құтқарды, араларында жас балалар да болды.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі