
Ұлттық ұланның Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөліміне қарасты “Қаратау” таулы оқу-жаттығу орталығында «Таудағы іздестіру және қысқы құтқару» тақырыбында арнайы курстар өтуде.
Жаттығу курстарына Түркия Республикасы Жандармериясының әскери қызметшілерімен бірге, Қазақстан Ұлттық ұланының, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері қатысуда.
Елдегі соңғы оқиғалар таулы жерлерде терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығу қажеттігін көрсетті. Сондықтан Ұлттық ұлан жеке құрамның біліктілігін арттыру мәселесіне және шет мемлекеттердің тәжірибесін зерделеуге ерекше көңіл бөліп отыр.