
Оқиға 18 ақпан күні Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы «Мамыр» шағынауданында Ұлттық ұлан және полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде орын алған.
5548 әскери бөлімінің кинолог маманы кіші сержант Асан Әбдікәрім «Кэсси» атты қызметтік-іздегіш иттің көмегімен 34 жастағы жергілікті тұрғынның гаражынан қару сақталған жасырын қуыс тауып алды. Ол жерден бір аңшы мылтығы мен бір спорттық мылтық табылды.