Ұлттық ұлан жыл қорытындысын шығарды

Ұлттық ұлан жыл қорытындысын шығарды

Нұр-Сұлтанда Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы басшылық құрамының, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының, ҰҰ Академиясы бастығының, тікелей бағынысты әскери бөлім командирлерінің және Ішкі істер министрлігі басшылық өкілдерінің қатысуымен Әскери кеңес отырысы өтті.

Әскери кеңесте Ұлттық ұланның 2021 жылдағы қызметтік-жауынгерлік іс-әрекеті қорытындыланып, Мемлекет басшысының Ұлттық ұланды сандық және сапалық жағынан нығайтуға қатысты жүктеген міндеттері ескеріле отырып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.

Отырысты ашқан Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақанов 2021 жылы Ұлттық ұланға артылған барлық міндеттер толық көлемде орындалғанын атап өтті.– Ұлттық ұланның жеке құрамы үшін қаңтар оқиғасы жауынгерлік әзірлік пен жауынгерлік қабілеттілікті сынау ғана емес, сонымен бірге моральдық күш-қуаттың да сынағы болды. Жауынгерлер қарулы лаңкестерге қарсы күресте алдыңғы шепте тұрып, негізгі соққыны өздеріне қабылдап, тікелей қауіпке қарамастан шабуылшы топтың заңсыз әрекеттеріне тосқауыл болды, - деді генерал-майор Еркін Ботақанов.Қайғылы қаңтар оқиғасында құқықтық тәртіп әскерінің 400-ден астам әскери қызметшісі әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алды. Өкінішке қарай, қақтығыстар шығынсыз болғамады, Ұлттық ұланның қос сарбазы: қатардағы жауынгерлер Мадияр Қайсаров пен Айбат Аманов қаза тапты. Біршама әскери техника, арнайы техникалар және байланыс құралдарына зақым келді.Жиын барысында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары генерал-майор Қайрат Ақтанов, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Талапкер Әмриев және «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев баяндама жасады.Отырыста алдағы үш жылда жеке құрамды, жағдарысты жағдайға ұшыраған аудандарға жеке құрамды, әскери техниканы және қару-жарақты жедел жеткізу үшін Ұлттық ұлан ациациясын әскери-көліктік авиациямен толықтыру жұмыстары жүргізілетіні айтылды.Өңірлерде жаңа бөлімшелерді арттыру, әсіресе арнайы жасақ бөлімшелерінің санын көбейту жоспарлануда. Әскери бөлімдердің күшін нығайту және қажетті арнайы және көлік құралдарымен жабдықтау мәселесі де сөз болды. Сондай-ақ отырысқа қатысушылар құқықтық тәртіп әскерінің жауынгерлік дайындық деңгейін одан әрі арттыруды талқыланды.Әскери кеңестің қорытындысы бойынша Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы ел Президенті – еліміздің Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының, Ішкі істер министрінің қоғам мен мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де заңсыз қол сұғушылықтардан қорғауға қатысты талаптарын орындау бойынша нақты міндеттер қойды.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі