Ақтөбе тұрғынынан көп мөлшердегі есіркі тәркіленді

Ақтөбе тұрғынынан көп мөлшердегі есіркі тәркіленді

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі басқарма қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері Гришин көшесіндегі аулалардың бірінен 44 жастағы ер адамды тоқтатады.

Сырт көзге күдікті көрінген азаматты тінту кезінде оның қалтасынан есірткі салынған 35 полиэтилен бума табылды. Сараптама нәтижесі тәркіленген заттың марихуана және жалпы салмағы 2 келі екенін анықтады. Сондай-ақ масаң күйде ұсталған адамның опиоид қолданғаны белгілі болды. Ол тексеру кезінде есірткіні жақсы танымайтын адамнан алғанын айтты.

Қызметтік иттің көмегімен күдіктінің үй-жайын тінту нәтижесінде тәртіп сақшылары оның балконынан 7 келіден астам есірткі заттарын тапқан.

Ұлттық ұлан баспасөз қызметі