
Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің жауынгерлері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында көшеден смартфонды тауып, иесіне қайтарды.
4 ақпан күні кешкі сағат 21.00 шамасында Біржан сал көшесінің бойында әскери жасақ жалпы құны 250 мың теңгені құрайтын «Оppо» А72 маркілі ұялы телефонын тапқан.
Бұл туралы әскерилер тез арада радиобайланыс арқылы патрульдік топ бастығына баяндайды. Сәлден соң оқиға орнына телефон иесі келеді. Ұландықтар жоғалған заттың азаматқа тиесілі екенін анықтаған соң телефонды иесіне қайтарады.
Ұлттық ұлан баспасөз қызметі