Ұландық жауынгерлер елордада іздеуде жүрген ер азаматты ұстады

Ұландық жауынгерлер елордада іздеуде жүрген ер азаматты ұстады

4 ақпан күні кешкісін "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық шараларын өткізу аясында Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің жауынгерлері іздеуде болған азаматты қолға түсірді. 

Алматы ауданында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару барысында мал ұрлығына қатысы бар азаматтың сипаттамасы кезекші бөлімнен келген.

Кейін анықтау тобының бастығы капитан Болат Нәсір, патрульшілер қатардағы Шыңгыс Аяпберген және Әди Бексұлтанмен бірге сипаттамаға келетін мас күйіндегі азаматты байқайды. Құжаттарын тексеру барысында іздеген азаматтың өзі болып шықты.

Аталған азамат мән-жайды анықтау үшін Алматы аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

Ұлттық ұлан баспасөз қызметі