
Қазақстан құрамасы XXIV қысқы Олимпиада ойындарына спорттың 8 түрінен 34 спортшы 87 лицензия жеңіп алды. Ұлттық құрама сапында Ұлттық ұланның алты әскери қызметшісі ел намысын қорғайды.
Қытай астанасы – Бейжің қаласында өтетін ақ Олимпиада 4-20 ақпан аралығына жоспарланған. Төрт жылдықтың басты бәсекесінде спорттың 15 түрінен 109 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.
Биатлон спорт түрінен аға лейтенант Галина Вишневская шеберлігін сынайды. Ал 5510 әскери бөлімінің жауынгері Александр Мухин де биатлон спорт түрінен сынға түспек.
Коньки тебуден ефрейтор Екатерина Айдова жолдама алды. Аға лейтенант Юлия Галышева мен кіші сержант Дмитрий Рейхерд фристайл-могулдан сынға түсіп, медальға таласады деген үміт бар.
Қатардағы Жанбота Алдабергенова фристайл-акробатикадан жарыс алаңына шықпақ.