Ұландықтар қаңтар оқиғасында қаза тапқан жауынгерлерге реквием арнады  

Ұландықтар қаңтар оқиғасында қаза тапқан жауынгерлерге реквием арнады  

Композицияны Ұлттық ұлан Ән-би ансамблінің ерлер хоры орындаса, қыл қобызда шығармашылық ұжымның музыканты Айдана Жанабаева ойнады. Туындыны жарыққа шығаруға ансамбльдің енді бір музыканты Нұрлыбек Аманов атсалысты.

- Қасіретті қаңтар оқиғалары қайсыбіріміздің қабырғамызды қайыстырғаны сөзсіз. Біздің қастерлі егемендігіміз бен бейбіт өмірімізге үлкен сынақ болды. Жауынгерлік рухымыздың сыналуына да өмірлік емтихан болғаны сөзсіз. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері сын сағатта сүрінбеді. Қауіпке қарамастан құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде алдыңғы қатарда тұрды. Бірде-бір ұландық осалдық танытып, жауынгерлік шепті тастап кеткен жоқ. Бұл туынды арқылы біз ел қорғауда қаза тапқан қарулас достарымызды еске алып, ерлігіне бас иеміз. Және де олардың жақындары мен туыстарына тағы бір мәрте көңіл айтамыз, - деді Ән-би ансаблінің жетекшісі майор Дархан Рахымғалиев.

Айтып өту керек, жаппай тәртіпсіздік кезінде құқықытық тәртіпті орнату барысында 19 әскери қызметші, полиция және арнайы мемлекеттік органдарының қызметкері қаза тапты. Оның ішінде Ұлттық ұланның екі  мерзімді әскери қызметшісі – қатардағы  Мадияр Қайсаров пен Айбат Аманов бар.

Жалпы заң үстемдігін қорғау барысында 400-ден аса Ұлттық ұлан әскери қызметшісі әр түрлі деңгейде жарақат алған, оның ішінде оқ тиген ұландықтар да бар.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі