Қызылордада жаппай тәртіпсіздікке қатысқан екі адам ұсталды

Қызылордада жаппай тәртіпсіздікке қатысқан екі адам ұсталды

ҚР Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің көмегімен Қызылордада жаппай тәртіпсіздікке қатысқан және күш құрылымдарының қызметкерлеріне шабуыл жасаған деген күдікпен екі ер адам ұсталды.

1982 және 1989 жылы туған күдіктілердің Қазақстан азаматтары екені анықталды.

Дәйектер олардың жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқанын, сондай-ақ Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне шабуылдағанын айғақтап отыр. Тінту жүргізу барысында олардан Калашников – АК-74М автоматы, 10 оғы бар оқтағыш пен гранатомет тәркіленді.

Күдіктілерге қатысты қылмыстық іс ашылды, жинақталған материалдар мен айғақтар қылмыстық іске тіркелді.

Қаңтардағы оқиғаға қатысқандарды және ұрланған қару-жарақтарды іздестіру жұмыстары әлі де жалғасуда.

Ұлттық ұлан баспасөз қызметі