
Ұлттық ұланға қарасты 5451 әскери бөліміне белгісіз азаматша хабарласып, «Береке» дүкенінен ер адамның екі бөтелке сыра ұрлап кеткенін айтып шағымданған.
Күдікті азамат оқиға орнына келген ұландықтарды байқап қалып балағат сөздер айта бастайды. Күдікті әскерилерге тіл тигізіп қана қоймай, қарсылық көрсетіп, әскери жасақ бастығы Әділжан Болатовтың погонын жұлып алған.
Жасақ бастығы қарамағындағы патрульдер Қуаныш Бурахан мен Әділжан Болатовпен бірге бұзақыны тұтқындап, әрі қарай тергеу үшін Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне жеткізді.
Ұсталған азаматтың ісі Қазақстан Респубикасының заңнамасының 188 («Ұрлық») және 380 («Билік өкіліне күш қолдану») баптары бойынша ҚІІБ тіркелген.
Ұлттық ұлан баспасөз қызметі