Елордада ұландықтар жоғалған балаларды ата-аналарына тауып берді

Елордада ұландықтар жоғалған балаларды ата-аналарына тауып берді

17 қаңтарда сағат 20.00 шамасында Елордада қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқару кезінде Ұлттық ұланның 5516 әскери бөлімінің әскери жасағы (Теміртау қ.) жол бойындағы аялдаманың жанында кішкентай баланы көреді.

Байтұрсынов көшесіндегі патрульдеу бағытында, жол бойындағы аялдама жанында тұрған 4 жасар баланың айтуынша, ол ата-анасымен және үлкен ағасымен бірге Хазірет Сұлтан мешітіне келген. Содан кейін олар ата-анасынан қалып қояды да, өз беттерінше іздеу кезінде екеуі бір-бірінен таппай қалады.

Ұландықтар жоғалған ұлдардың ата-аналар туралы алдын ала ақпарат біліп алады. Әскери жасақтар кезекшісі капитан Әбілқайыр Абдулла ефрейтор Ғани Момынқұловпен және қатардағы Жасұлан Төребекпен бірге жедел іздестіру іс-шараларын ұйымдастыруға кіріседі. Сол маңдағы тағы екі әскери жасақты адамдар көп жиналатын орындарға жібереді.

Бірнеше минуттан кейін жедел әрі ұйымдасқан әрекеттердің нәтижесінде 6 жастағы екінші бала да табылды. Арада шамамен 20 минуттай уақыт өткенде, оқиға орнына балалардың ата-аналары келді. Құжаттарын тексергеннен кейін балалар ата-аналарына аман-есен қайтарылды.

Еске салайық, ТЖ режимі кезінде елордада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін Теміртау қаласындағы 5516 әскери бөлімінің жеке құрамы тартылды. Әскери қызметшілер бас қала әкімдігінің жанында, Есіл өзенінің жағасында және елорданың басқа да көшелерінде жауынгерлік қызмет атқаруды.

ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметі