Ұландық жауынгерлер Айбат Аманов пен Мадияр Қайсаров Талдықорған мен Қызылорда қалаларында жаппай тәртіпсіздік кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету барысында қаза тапқан болатын.
Қызметтік міндетті орындау барысында көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін ел Президентінің Жарлығымен III – дәрежелі «Айбын» орденімен қаза тапқаннан кейін марапатталған болатын.
Марапатты қаза тапқан сарбаздың туыстарына Мемлекет басшысының атынан Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек табыс етті.
Содан кейін, ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Әлібек Серәлиев «Орталық» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілерінің атынан әр жауынгердің жақындарына 7 млн. теңгені табыс етті.