Нұр-Сұлтанда Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін Ұлттық ұланның 2 мыңнан астам әскери қызметшісі тәулік бойы қызмет етуде.
Бас шаһарда төтенше жағдай режимі сақталады. Елордадағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 5516 (Теміртау) және 5510 (Көкшетау) әскери бөлімдерінің жеке құрамы жұмылдырылды.
Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Әлібек Серәлиев олардың қызметін тексеріп, қауіпсіздікке қосқан үлесін атап өтті. ерекше көзге түскен сарбаздарға басшылық атынан алғыс хаттар табыстады.
Сондай-ақ, ел Президентінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бүкіл жүйесін реформалау жөніндегі талаптарын жеткізді.