
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жаппай тәртіпсіздікке қатысқан қылмыскерлер мен бұзақыларды анықтау мақсатында еліміздің барлық қалаларында іздеу және тұтқындау шараларын жалғастыруда.
ҚР Ұлттық ұланының арнайы мақсаттағы жасақтары Қызылорда облысы аумағында антитеррорлық операциялар жүргізу барысында Полиция департаменті және ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 100-ден аса бұзақыны қолға түсірді.
Ұсталған азаматтардан 1 қару, оқсалғыштар, оқ-дәрілер, сондай-ақ есірткі заттары тәркіленді.
Құрықталған азаматтар мән-жайды одан әрі нақтылау үшін полиция қызметкерлеріне табысталды. Антитеррорлық операциялар жалғасуда.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі