«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына — 60 жыл

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына — 60 жыл

Ұлттық ұланның Өскемендегі бұрынғы 6638 әскери бөлімі, қазіргі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының құрылғанына 60 жыл толды.

Салтанатты кешке «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының басшылары және Өскемен гарнизоны бойынша үш бірдей әскери бөлімнің жеке құрамы мен 6638 әскери бөлімінің қалыптасып, дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардагерлер қатысы.

Салтанатты шарада сөз алған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының міндетін уақытша атқарушы  полковник Жандарбек Әшірбеков барша қатысушыларды құттықтап, Ішкі істер  министрінің және Ішкі істер министрінің орынбасары-Ұлтттық ұлан Бас қолбасшысының атынан, сонымен қатар «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысының атынан құрметті ардагерлерге медальдар табыстап, Ұлттық ұлан қызметінің үздіктерін марапаттады.

Шара барысында өңірлік қолбасшылықтың Ардагерлер кеңесінің төрағасы Айдар Оразбаев  ардақты ардагер Пугачева Аза Павловнаға  ҚР ІІМ және Ұлттық ұлан Ардагерлер кеңесі президиумның жарлығымен  «Құрметті ардагер» төсбелгісін табыс етті.