
Елімізде жыл сайын өткізіліп келетін акцияға аталған әскери бөлімнің тәрбиешілері осылайша белсенділікпен атсалысты.Арнайы құрылған топ аталған әскери бөлімде қызмет етіп келетін көпбалалы және азқамтылған әскери қызметшілердің отбасылардың жағдайымен танысып, оқу-құралдарын сыйға тартты.
-«Мектепке жол» акциясы бірнеше жылдан бері елімізде кеңінен насихатталып, азқамтылған және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетіп келеді. Олардың қатарында әскери қызметшілер де бар. Бүгін сол үрдіс бойынша бірнеше отбасыда болып, жағдайларымен таныстық. Алдағы уақытта да ол отбасылар әскери бөлімнің назарында болады,-дейді 6655 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі бөлім командирінің орынбасары, майор Ғани Бөлкебаев.
Айта кету керек, «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ҚР Білім және Ғылым министрлігінің бұйрығымен, «Жүректен жүрекке» ұраны бойынша ел бойынша өткізіліп келеді.