Ұландықтар бір күнде жоғалған алты смартфонды тауып, иелеріне қайтарды

Ұландықтар бір күнде жоғалған алты смартфонды тауып, иелеріне қайтарды

Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері бір күнде екі ұры мен тонаушыны құрықтады. Сондай-ақ, елордадада қызмет барысында жоғалған алты смартфонды иелеріне қайтарды.  

19 желтоқсан күні елордалық полицияға азаматша белгісіз ер азамат үйіне еніп, телевизор мен әшекейлерін ұрлап кеткені туралы арыз жазған. Шығынның жалпы соммасы 450 мың теңгені құрады.

Аталған сипаттама бойынша топ бастығы аға сержант Дархан Қуанышев, патрульші ефрейтор Дамир Мәукен қылмыстық полиция қызметкерлерімен бірге сағат 20.00 шамасында «Жерұйық» саябағы жанында бір күдікті азаматты ұстайды. Мән-жайды анықтау мақсатында оны полиция басқармасына жеткізеді.

Араға уақыт салып  полицияға тағы бір азамат хабарласып, 30 қарашада оның  Oppo» маркілі ұялы телефонын ұрлап кеткені туралы хабарлайды. Сипаттама бойынша топ бастығы аға сержант Қанай Нұржан, патрульші Анатолий Яковлевпен сағат 20.35-те Петров көшесінде күдіктіні қолға түсіреді.  Анықтау барысында әлгі азаматтың үстінен осыған ұқсас қылмыс бойынша арыздар түскені белгі болды.

Дәл сол күні тағы бір азаматша арызданып, оның 150 мың теңге тұратын бес металдық қоршау бөлігін ұрлап кеткені туралы хабарлайды.

Аталған сипаттама бойынша патрульдік топ бастығы сержант Алмас Қалымтай және  патрульші Андрей Вагнер сағат 21.00-де «ВИП-қалашық»  ауданында күдікті көлікті байқайды. Оған металдық заттар тиеліп тұр екен. Қылмыстық полиция қызметкерлері келісімен барлығы ортақтасып аталған жүргізушіні полиция басқарамсына жеткізеді.  

Сонымен бірге жексенбілік кеште Ұлттық ұланның әскери жасақтарымен елорданың әр ауданында қызмет ету барысында алты ұялы телефон, соның ішінде  IPhone – 2 дана, Samsung – 3 дана, LG – 1 дана табылып, иелеріне қайтарылды.  

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі