Ұлттық ұланда жылдың үздік офицерлері анықталды

Ұлттық ұланда жылдың үздік офицерлері анықталды

Ұлттық ұланда игі дәстүрге айналған «Үздік батальон командирі», «Батальонның үздік штаб бастығы», «Батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі үздік орынбасары» байқау-сайысы өз мәресіне жетті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген офицерлер қатысты.

Сайысқа қатысқан сардарлар мемлекеттік-құқықтық дайындық, қызметтік-жауынгерлік қолдану тактикасы, атыс дайындығы, дене шынықтыру дайындығы, жалпы әскери жарғылар және басшылық құжаттарды меңгеру бойынша сынақтар тапсырды.

Мәселен, атыс дайындығы бойынша подполковник Б. Жандарбеков (5573 әскери бөлімі), майор А.Купеев (5451 әскери бөлімі), майор А.Тананов (6505 әскери бөлімі), майор Д. Тұралықов (5571 әскери бөлімі) жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Ал дене шынықтыру дайындығы бойынша өткен сынақта майор А.Купеев (5451 әскери бөлімі), подполковник Н. Сапарғалиев (5513 әскери бөлімі) үздік нәтижелер көрсетті.

Байқау-сайыс қорытындысы бойынша «Үздік батальон командирі» номинациясында 1 орынды 5451 әскери бөлімінің 3 жедел мақсаттағы батальон командирі майор Ардақ Купеев  иеленсе,  2 орынды 5517 әскери бөлімі жедел мақсаттағы батальонының командирі капитан Нұржан Бірімжанов жеңіп алды. 3-ші орын – 5573 әскери бөлімінің 4 жедел мақсаттағы батальонының командирі подполковник Бекзат Жандарбековке бұйырды.  «Батальонның үздік штаб бастығы» номинациясында 1 орынға 5513 әскери бөлімінің штаб бастығы – атқыштар батальоны командирінің орынбасары майор Бохрам Ізімбетов, 2 орынға 5573 әскери бөлімінің штаб бастығы – 2 жедел мақсаттағы батальоны командирінің орынбасары майор Бекбосын Алдияров, 3 орынға 6505 әскери бөлімінің штаб бастығы – 4 атқыштар батальоны командирінің орынбасары майор Азамат Тананов қол жеткізді.         «Батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі үздік орынбасары» номинациясында 5573 әскери бөлімінің 4 жедел мақсаттағы батальоны командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары капитан Мұса Сәдуақасов жеңімпаз атанды.  2 орын 6505 әскери бөлімінің 2 атқыштар батальоны командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Фахритдин Абдрахмановқа бұйырды. 3 орынды  5571 әскери бөлімінің 2 жедел мақсаттағы батальоны командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Дидар Тұралықов місе тұтты.

Барлық жеңімпаздар арнайы диплом мен Ұлттық ұлан бөлімшелерінің нышаны бар белгілік сыйлық жиынтығымен марапатталды. Жүлдені ҚР Ішкі істер минситрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов табыс етіп, офицерлерге қызметтік табыс тіледі.

Ұлттық ұлан баспасөз қызметі