
Ағамдағы жылдың 7-12 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде еркін және грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған жарысқа Ұлттық ұланның бірқатар әскери қызметшілері қатысып, олжалы өнер көрсетті. Атап айтқанда, еркін күрестен 70 салмақ дәрежесінде қатардағы Талғат Сырбаз, 86 келі салмақ дәрежесінде ефрейтор Азамат Дәулетбеков жеңімпаз атанса, 61 келі салмақта сынға түскен қатардағы Руслан Қалиев, 65 келіде өнер көрсеткен қатардағы Әділ Оспанов және 125 келіде бағын сынаған қатардағы Юсуп Батырмырзаев қола медальді иеленді.
Грек-рим күресінде 72 келіде сынға түскен қатардағы жауынгер Азат Садықов, 77 келіде ефрейтор Тамирлан Шадукаев, 97 келі салмақта Ерұлан Ысқақов күміс медальді еншілесе, 55 келі салмақта қатардағы Марлан Мұқашев, 67 келі салмақта Дінмұхамед Қошқар, 72 келіде Әлихан Көкенов және 130 келі салмақта қатардағы Антон Савенко қоланы місе тұтты.