
2021 жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Бүркіт» әскери бөлімдерінің (бөлімшелерінің) құрылғанына 22 жыл толады.
Арнайы мақсаттағы бөлімше Ұлттық ұланның элитасы болып табылады, күрделі және жауапты тапсырмаларды шеберлікпен орындайды, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін құқыққа қарсы қолсұғушылықтардан қорғауға өз үлестерін қосады, ұйымдасқан қылмыс пен лаңкестікке қарсы күреседі, жастарды әскери-патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге белсенді қатысады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы, Әскери кеңесі және өз атымнан «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің барлық әскери қызметшілерін 22 жылдық белесімен құттықтаймын. Баршаларыңызға қызметтік табыс, кәсіби тұрғыда өрлеу, зор денсаулық пен бақуаттылық тілеймін.
Қазақстанның аспаны ашық, еліміз бен жеріміз гүлдей берсін!
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары –
Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р. Жақсылықов