
Әскери қызметкерлер Теміртау тұрғынының өмірін құтқарды. Ер азамат өзіне бензин құйып, өртегісі келген. Әскери қызметшілерге азаматты ұстап, тоқтатуға қызметтік ит көмектесті.
4 желтоқанда сағат 18.00-де 5516 әскери бөлімінің әскери қызметшілері «Восток» саябағының маңындағы Теміртау көшелерін патрульдеу кезінде Құрлысшылар даңғылынан «Өлгім келеді!» деген айқайды естиді. Патрульшілер көлікті тоқтатып, саябаққа жол тартады. Онда олар өзіне бензин құйып, өртегісі келген жігітті байқайды. Патрульді топ бастығы аға сержант Ералы Тоқсейітовтің табын құлақ аспайды.
Сол кезде қызметтік ит нұсқаушысы кіші сержант Бауыржан Құсайынов «Тоймас» атты төрт аяқты досына адамды ұстауға бұйрық береді. Айтып өту керек, ит мұрындықпен болған және адамға зиян тигізбейтін. Қызметтік ит қашқынды ұстап, жерге құлатады. Сол сәтті сарбаздар қолға түсіреді.
Әскери жасақ жігітті жұбатып, әңгімелесіп, мән-жайды анықтау үшін Шығыс полиция басқармасына жеткізіледі.