
Елорданың Алматы ауданында қоғамдық тәртіпті күзету бойынша қызмет атқарып жүрген 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері азаматшаны қолға түсіреді. Белгілі болғандай азаматша отбасылық жанжал кезінде жолдасын өткір затпенен жаралаған.
Анықтау тобының бастығы аға лейтенант Данияр Сұлтанов патрульшілер Дамир Мәукен және Әмірғали Толқыновтармен бірге қылмыстық полиция қызметкерлерімен бірлесіп күдіктінің жеке заттарын тексеріп, 5 пышықты табады. Мән-жайды анықтау үшін Алматы ауданы полиция басқармасына ҚР ҚК 106 бабы 1тармағын бұзғаны үшін жеткізілді.
Дәл сол күні ұландықтар полиция қызметкерлерімен сипаттама бойынша 2003 жылғы азамат ұсталды. 3 қыркүйекте ол алдау жолымен ақшаға ие болған. Жедел – іздестіру шараларының нәтижесесінде аталған азаматты да полиция басқармасына жеткізеді. Оны ҚР ҚК 190 бабы 2 тармағы бойынша айыптауда.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі