Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қоян-қолтық ұрыстан республикалық турнирде жүлдегер атанды

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қоян-қолтық ұрыстан республикалық турнирде жүлдегер атанды

Қоян-қолтық ұрыстан Ұлттық ұланның құрама командасы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының Кубогына арналған ашық республикалық турнирде сәтті өнер көрсетті. Спорттық сайыс еліміздің Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған болатын.

Байрақты жарыс қарашаның 28-і мен 30 аралығында өтті. Ұлттық ұлан намысын 9 спортшы қорғаса, 5 адам жарысқа төрелік етті.

Жекелей есепте 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әнуар Кәрібаев, 65 келіде Мансұр Мимболатов және 70 келіге дейінгі салмақта Әділбек Белгібай екінші орынға қол жеткізді. 85 келіде Медет Саметаев және 90 келіден жоғары салмақта Эльдар Нұрғалиев үшінші орынды місе тұтты.

Жалпыкомандалық сында Ұлттық ұланның құрамасы 39 команданың ішінде төртінші сатыға тұрақтады. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль және ақшалай сыйлықпен марапатталды.