Ұландықтар дзюдодан әлем біріншілігінің жүлдегерлері атанды

Ұландықтар дзюдодан әлем біріншілігінің жүлдегерлері атанды
Үстіміздегі жылдың 18-21 қарашасы аралығында Орал қаласында еліміздің барлық өңірінен келген спортшылар арасында дзюдодан әлем біріншілігі өтті. Аталған шара тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған болатын. Жарысқа Ұлттық ұлан жауынгерлері де қатысты.
 
Айтып өту керек, Ұлттық ұланға қарасты барлық өңірлік қолбасшылықтардан спорт шеберлері сынға түсті. 4 күнге созылған тартыста 60 келіден бастап одан да жоғары салмақтағы спортшылар бақ сынады.
Таласқа түскен тартыста барлығы да өз шеберліктерін көрсете білді. Басты мақсат – Ұлттық ұланның құрама командасына жас сарбаздарды іріктеу болып табылды.
 
Елдің біртұтастығы мен халықтың тыныштығын сақтауда Ұлттық ұлан жауынгерлерінің атқаратын рөлі ерекше. Темірдей тәртіпке бағынған олар күндіз-түні кірпік қақпай, жауынгерлік қызметте жүреді. «Әскери киім киіп, Отан үшін адал қызмет ету – менің арманым», – дейді ақтық сайысқа шыққан, 1-ші орын иегері Бауыржан Нарбаев. Бауыржан желтоқсан айына әскерге шақырту алған. Спортты жанына серік еткен жас чемпион Ұлттық ұлан қатарында жауынгерлік міндетін атқармақшы. Жүлделі 3-ші орынға табан тіреген Ержан Еренғайыпов Нұр-Сұлтан қаласындағы 5573 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүр.