Тыл мамандары тәжірибе алмасты

Тыл мамандары тәжірибе алмасты
2021 жылдың 25 қарашасы күні Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығында өңірлік қолбасшылық қолбасшыларының, тікелей бағынысты әскери бөлімдер командирлерінің және Әскери институт бастығының тыл жөніндегі орынбасарларымен тәжірибелік дайындық бастау алды. 
 
Жиын барысында Ұлттық ұлан әскери бөлімдеріндегі тылдық қамтамасыз етудің 2020-2021 жылдардағы жай-күйі сараланды. Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары генерал-майор Жандос Омарқұлов әскердегі тылдық қызметтің жұмысына тоқталып, өткен кезеңнің нәтижесін қорытындылап, алдағы 2022 жылға нақты тапсырмалар қойды.
 
Сондай-ақ, жиын қатысушыларымен Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Альберт Маткаримов те кездесіп, әскердің жауынгерлік даярлығын ұйымдастырудағы тылдық қамтасыз етудің орны туралы айтып өтті. 
 
Жиын барысында қатысушылар тыл мәселесіндегі  мол тәжірибелерімен алмасып, қордаланған мәселелер бойынша нақты ұсыныстарын алға салды.