Ұландықтар іздеуде жүрген алаяқты ұстады

Ұландықтар іздеуде жүрген алаяқты ұстады

Елордалық ұландықтар бір үйдің ығында өзінің қажеттілігін орындап жатқан азаматты байқайды.  

Патрульдік топ бастығы кіші сержант Абылай Амантаев қасындағы серіктері қатардағы жауынгерлер Сапаралы Абжанов және Азат Турғанбаевпен бірге аталған азаматты ұстап, полиция бөліміне жеткізеді.  

Кейін белгілі болғандай тәртіп бұзушы «Алаяқтық» бабы бойынша іздеуде жүріпті. 2 тамызда ол елордада алдау арқылы оқу орнына түсемін деген сылтаумен бір әйелге тиесілі 400 мың теңгені иемденген.