
2021 жылғы 15-16 қараша аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің кубогы үшін «Қазақстан полициясы қызметіндегі сервистік тәсілдер» тақырыбында жыл сайынғы ашық республикалық пікірсайыс турнирін онлайн режимінде өткізді.
Турнирге 16 команда, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының командасы қатысты. Турнир қорытындысы бойынша М. Есболатов атындағы ІІМ Алматы академиясының командасы 1 орынға ие болды, 2 орынды Ұлттық ұлан Әскери институтының командасы, 3 орынды ҚР ІІМ Оқу орталығының «Бауыржан қырандары» Шымкент қаласының командасы иеленді.
Турнирдің міндеті білім алушылар арасында дебат қозғалысын насихаттау, жастар арасында шешендік шеберлікті дамыту, сондай-ақ жастардың зияткерлік дамуы үшін жағдай жасау болып табылады.
Турнирге Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының студенттері мен курсанттары қатысты.
Жетекшілері: жалпы білім беру пәндері кафедрасының бастығы, философия ғылымдарының (PhD) докторы, полковник Руслан Альназиров және жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушысы лейтенант Гүлназым Байсалдина.
Спикерлер: курсант Абдумуталипов С., курсант Орынбасар Б., төреші курсант Қолдыбай Г.