Өзара тиімді ынтымақтастық аясында меморандумдарға қол қойылды

Өзара тиімді ынтымақтастық аясында меморандумдарға қол қойылды

2021 жылғы 10-12 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің жоғары оқу орындары басшыларының делегациясы жұмыс сапарымен Өзбекстан Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік университетіне барды.

Жоғары оқу орындары басшыларының кездесуі Ташкент қаласында өтті. Қазақстан делегациясының құрамында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының бастығы генерал-майор Бауыржан Әбжанов, Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының бастығы полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті Ұлттық ұлан факультетінің бастығы генерал-майор Жұмабек Ахметов және ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы полиция полковнигі Айдар Сайтбеков болды.

Сапар аясында жоғары оқу орындарының басшылары Өзбекстан Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік университетінің оқу процесінің ұйымдастырылуымен танысып, білім беру қызметін ұйымдастыру бойынша тәжірибелерімен алмасты.

Жұмыс қорытындысы бойынша ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және оқу және ғылыми басылымдармен алмасу мәселелеріндегі ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Өзбекстан Республикасының қоғамдық қауіпсіздік университеті Ішкі істер министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Ұлттық ұланы үшін қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігі және паспорт жүйесі талаптарын іске асыру бағыттары бойынша қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мамандар даярлайды. Қарулы Күштер мен басқа да құқық қорғау органдары үшін - әскери дипломатия, заңтану, экономика, инженерлік-техникалық, тәрбие-психологиялық және командалық-тактикалық қызмет салаларындағы, сондайақ күзет құрылымдары бар мемлекеттік және шаруашылық басқару органдары үшін күзет қызметін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың барлық бағыттары бойынша кадрлар даярлайды

Сондай-ақ, сапар аясында Қазақстан Республикасынан келген делегация жергілікті мәдени-тарихи мұраның көрікті жерлерін аралады.