
Ағымдағы жылдың наурыз айында жедел іс-шаралар барысында Ақтөбе облысы ПД Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР Ұлттық Ұланның жасағымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлерінен Ақтөбе облысының аумағында аса ірі мөлшерде "марихуана" және "гашиш" есірткі құралдарын тасымалдаумен, сақтаумен және өткізумен ұзақ уақыт бойы айналысқан 7 қатысушыдан тұратын қылмыстық топты ұстады. Алынған "марихуана" есірткі затының жалпы салмағы шамамен 25 кг, алынған "гашиш" есірткі затының жалпы салмағы 5 кг-нан асты.
Жоғарыда аталған адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ҚР ҚК 262-бабының 1, 2-тармақтары негізінде есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды жасау мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелді.