Оқу орындарымен Меморандумға қол қойылды

Оқу орындарымен Меморандумға қол қойылды

Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде бөлім қолбасшылығы мен тәрбие құрылымдарының органдары өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге және жастармен осы жұмысты ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі.

2003 жылдан бастап ҚР Ұлттық ұланында Жас бүркіт» спорттық әскери-патриоттық клубтары мен сыныптарының жұмысы жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда құқықтық тәртіп әскерлерінің әскери бөлімдерінің басшылығымен еліміздің оқу орындарында 50-ден астам "Жас бүркіт" әскери-патриоттық сыныптары мен 30-дан астам спорттық әскери-патриоттық клубтар жұмыс істейді.

Ағымдағы жылы 2 қарашада 5573 әскери бөлімінің акт залында елордалық құрама мен Нұр-сұлтан қаласы және Ильинка кентінің 7 орта оқу орны арасында Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Аталған құжатқа қол қоюға әскери бөлімнің қолбасшылығы мен елордалық №№ 13, 28, 57, 69, 85, №2 (екі мектеп – біреуі қалалық, екіншісі Қараөткел кентінен) мектептердің өкілдері қатысты.

Меморандумға қол қоюға қатысушылар мен іс-шара Ұлттық ұлан Ән-би ансамблінің концерттік бағдарламасын, Ұлттық ұлан Орталық мұражайын тамашалап, естелік суретке түсті.