«Жеңіс жалауы» кезекті рет сахналанды

«Жеңіс жалауы» кезекті рет сахналанды

2021 жылғы 9 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Ұлы Отан соғысының қаһарман батыры, Рейхстагқа Жеңіс туын алғаш боп тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне негізделген Ұлттық ұлан Ән-би ансамблінің «Жеңіс жалауы» спектаклінің кезекті қойылымы  өтті.

Өнер кеші Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының сахнасында өтті.

Айта кеткен жөн, «Жеңіс жалауы» – Ұлттық ұлан Ән-би ансамблі шығармашылық тобының алғашқы қойылымы болып табылады. Осы спектакль арқылы өнер ұжымы елімізде күш құрылымдары арасында тұңғыш болып әскери театрдың тұсауын кесіп отыр.

Қойылымды тамашалауға Парламент Мәжілісінің депутаттары, күш құрылым өкілдері, қала тұрғындары, өнер қызметкерлері мен әскерилер келді.

Спектакльдің сахналауына өзінің жоғары бағасын Қазақстан Қарулы Күштерінің құрметті ардагері, армия генералы Мұхтар Алтынбаев берді.