Ұшақта адам өмірін құтқарған ұландық офицер марапатталды

Ұшақта адам өмірін құтқарған ұландық офицер марапатталды

Адам өмірін құтқаруда көрсеткен дереу әрі епті қимылы үшін Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығымен Ұлттық ұлан әуе кемесінің командирі майор майор Станислав Смурыгин «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» кеуде белгісімен марапатталды. 

Марапатты сардарға әуе эскадрильясы жеке құрамының алдында 3656 әскери бөлімінің командирі подполковник Павел Хребтов табыс етті.  Рәсім «Қазақстан әуе индустриясы» ЖШС әуежайының аумағында өтті.

Естеріңізге сала кетсек, оқиға 6 қазанда  Киевтен Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келе жатқан ұшақта орын алған болатын. Осы рейспен жолаушы ретінде ұшып келе жатқан Станислав Смурыгин әйел азаматшасына жедел көмек көрсеткен. 

Сағат таңғы бестер шамасында ұшақ ішінде абыр-сабыр басталып кетті. Стюардесса өзіне орын таппай, жағдайы күрт нашарлаған жолаушылардың біріне көмек көрсетуді сұрайды. Сол кезде әскери қызметші дереу алғашқы көмек көрсетуге келеді. Қан қысымын өлшеп, оттегі баллонын кигізіп, жолаушыны Нұр-Сұлтан қаласына жеткенше жол бойы бақылайды. Ұшақ қонған сәтте дерек медицина қызметкерлерінің қолына тапсырады.  

Барлық қиындықтар мен шектеулерге қарамастан Ұлттық ұлан офицері ептілік танытып, білгірлігінің арқасында әйел адамға дереу көмек көрсетіп, мүмкін болған ауыр жағдайдан сақтап қалды.

- Майор Смурыгин өз ісінің нағыз хас шебері. Сын сағатта сардар жіті қимылдап, барлығын нұсқаулықта жазылғандай нақты орындай білді. Осының арқасында азаматшаның денсаулығына көмек беріліп, жағдайының нашарлауына жол берілмеді. Бұл барша жеке құрамға үлгі болып табылады, - деді өз сөзінде подполковник Павел Хребтов.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі