Ұлттық ұланның басшылығы мен жеке құрамының атынан Сіздерді Халықаралық қарттар күні мерекесі – кемеңгерлік пен ізгілік мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер құқықтық тәртіп әскерінің сардарлары мен сарбаздарына ұрпақтар сабақтатығының алтын көпірі, ізгілікті дәстүр мен құндылықтардың сақтаушылары, рухтың темірқазығы болып табыласыздар. Сіздердің даналықтарыңыз бен бай тәжірибелеріңіз жас әскерилер үшін өте маңызды.
Ардақты ардагерлер тек әскери ұжымдардың қоғамдық өміріне қатысып қана қана қоймай, жас әскери қызметшілердің жоғары санасының қалыптасуына белсене араласады. Ұландықтардың оң бейнесін қалыптастыруға, сондай-ақ, жақсылық пен әділдіктің биік шыңдарының бекітілуіне атсалысуда.
Отан үшін атқарған Өздеріңіздің ерен еңбектеріңіз әскер мен елдің тарихындағы жарқын беттердің бірі болмақ. Сіздердің табанды еңбектеріңізді бағалаймыз, өйткені ол шынайы ұлағатты үлгі болып табылады.
Сіздерге қажымас қайрат, дендеріңізге саулық, отбасы бақытын, өмірдің жемісін, ғұмырдың ұзақтығын, жақындарыңыздың ыстық ықыласы мен махабаттарын тілеймін!
Ізгі ниетпен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары- Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р. Жақсылықов