
Аягөз гарнизоны әскери прокуратурасының қалыптасу тарихы сонау 1969 жылдан бастау алады, Семей облысының Жаңғыз төбе гарнизонында Орталық Азия әскери округімен қатар әскери прокуратура құрылды.
1980 жылдың қаңтарында Жаңғыз төбе гарнизонының прокуратурасы Семей облысының Аягөз қаласына (1997 жылдан бастап Шығыс-Қазақстан облысына) көшірілді және осы кезеңнен бастап Аягөз, Үшарал, Мақаншы, Георгиевка және Өскемен гарнизондарының аумағында өз қадағалауын жүзеге асырған Аягөз гарнизонының әскери прокуратурасы болып атала бастады.
Кеңес дәуірінде Аягөз қаласы стратегиялық маңызды нысан болған. Мұнда 143, 156 және 180 танк полктері, сондай-ақ құрылыс, тыл және басқа да қосалқы бөлімдер кіретін танк дивизиясының басқармасы (КСРО ыдырағаннан кейін Ресей Федерациясының аумағына шығарылды) орналасқан.
90-шы жылдардың басына дейін Аягөз гарнизонында Ұлы Отан соғысының ұрыс қимылдарына қатысумен танымал әуе шабуылына қарсы қорғаныстың 737-ші жойғыш авиациялық полкі орналасқан.
1991 жылдың желтоқсанында Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін барлық әскери прокуратуралар прокуратура органдарының бірыңғай жүйесіне енгізілді.
1992 жылдың 17 ақпанында Бас прокуратура құрамында әскери прокуратуралар басқармасы құрылды.
Аягөз гарнизонының кеңестік кезеңдегі алғашқы әскери прокуроры полковник А.С.Середа болды, ол осы қызметті 1991 жылдан 1993 жылға дейін атқарды.
Оның ізбасарлары әділет майоры А.А.Жұмаділов (1993-1994 ж.ж.), әділет капитаны М.С.Жақсыбаев (1994-1996 ж.ж.), әділет майоры А.Қ.Маусымбаев (1996-1999 ж.ж.), әділет майоры М.А.Оспанов (1999-2001 ж.ж.), әділет подполковнигі М.М.Әділбаев (2001-2002 ж.ж.), әділет майоры Б.Е.Амангужанов (2002-2003 ж.ж.), әділет полковнигі С.К.Сакежанов (2003-2004 ж.ж.), әділет полковнигі С.С.Момышев (2004-2008 ж.ж.), әділет полковнигі М.Е.Жездібаев (2008-2012 ж.ж.), әділет полковнигі Р.Д.Ходжаев (2012-2015 ж.ж.), әділет подполковнигі Ж.Қ.Момынбеков (2015-2019 ж.ж.) және әділет полковнигі Ж.А.Аекенов (2019-2020 ж.ж.) болды, олардың әрқайсысы өз ісінің шебері болып саналды.
2020 жылдың қыркүйегінен бастап гарнизон прокуратурасын әділет полковнигі Талғат Сапарбекұлы Бекбергенов басқарады.
Осы жылдар ішінде Аягөз гарнизонының прокуратурасы әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарымен өзара тығыз іс-қимылда әрекет етті, бұл оған әскери ортадағы қылмыс деңгейін төмендетуде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Бас әскери прокуратура әзірлеген қылмыстың алдын алу бағдарламаларын тиімді іске асыру салдарынан соңғы онжылдықта Аягөз гарнизонында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар саны екі есе азайды.
Атап айтқанда, әскери бөлімді өз еркімен тастап кету, қашқындық және әскери мүлікті ұрлау сияқты қылмыс түрлері жойылды.
Қадағалау қызметінің басқа да маңызды бағыттары назардан тыс қалмайды.
Әскери прокуратураның үйлестіру функциясының арқасында қару-жарақ пен техниканың есебі жаңғыртылды, әскери инфрақұрылым дамыды, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің конституциялық құқықтары мен кепілдіктері сақталды, азаматтардың әлеуметтік қамтамасыз етілуі мен қоғамдық тыныс-тіршілігінің басқа да салалары жақсартылды.
Жоғары тұрған басшылықпен Аягөз гарнизоны прокуратурасының террористік тұрғыда осал объектілер үшін терроризмге қарсы арнайы паспорт құру туралы бастамасын қолдады, үкіметтік құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілді.
Бұл паспорт диверсияға қарсы қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қадағаланатын объектілердің жұмысын, оның ішінде олардың әрқайсысының проблематикасын талдауға және қадағалауға мүмкіндік береді.
Әскери бөлімдер мен мекемелерге бөлінетін бюджет қаражатын жұмсау мәселесі гарнизон прокуратурасының қатаң бақылауында тұр.
Мысалы, 2020 жылы жүргізілген талдау аясында халықты жұмыспен қамтудың Жол картасын іске асыру кезінде бұзушылықтар анықталды. Бұл мемлекеттік бюджетті 330 млн. теңгеден астам сомаға негізсіз ысырап етудің алдын алуға мүмкіндік берді.
Аягөз гарнизонының әскери прокуратурасында қызметкерлерді тәрбиелеу, олардың кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.
Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшінің өз борышын және өз Отанын қорғаудағы жеке жауапкершілігін, өз халқына шексіз адалдығын сезінуіне негізделеді.
Әскери прокурорлар ардагерлер салған дәстүрлерді мұқият сақтайды және көбейтеді.
Біз Аягөз гарнизоны әскери прокуратурасының қазіргі құрамы жинақталған тәжірибе мен кәсібилікпен қаруланып, заңнама талаптарының нақты және біркелкі орындалуын қадағалау жөніндегі жұмысты жаңа белестерге жетуге бағыттайтынына сенімдіміз.